Өзбекстанмен шекарада үш стационар ашылды

Түркістан облысының Өзбекстанмен шектесетін аумағында 3 карантиндік стационар ашылды.

Алматы, NEGE. Қолында COVID-19 анықтамасы жоқ жолаушылардың барлығы сонда жатқызылады. Екі тәулікке оқшауланғандар сол жерде ПТР тестін тапсыруы тиіс. Соңғы аптада сырттан келген 406 адам сынама өткізіп, алтауынан вирус анықталды. Бір науқас ауруханаға жатқызылса, қалғандары клиникалық көрсеткіштері қалыпты болғандықтан, үй жағдайындағы карантинге алынды. Стационарлық бекеттер Сарыағаш, Келес және Мақтаарал аудандарында орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді