Өзбекстанда жедел жәрдем дәрігерлері 250 доллар үстемақы алады

Өзбекстан үкіметі биыл 20 шілдеде жедел жәрдем қызметкерлеріне үстемақы тағайындау туралы шешім қабылдады.

Алматы, NEGE. Коронавирус пандемиясы кезінде жедел жәрдем көрсететін шұғыл бригадалар жасақталады. Оның құрамына бір медицина қызметкері мен бір жүргізуші кіреді. Бригада тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Үкімет қаулысы биыл 20 шілдеде қабылданды.

Әр айдың соңында жедел жәрдем қызметкерлеріне айлықпен қоса үстемақы төленеді. Үстемақы көлемі:

дәрігерлер – 2,5 млн. сум ($245);

орта дәрежелі медициналық қызметкер – 1,5 млн. сум ($146);

жүргізушілер – 1,0 млн. сум ($100).

Қазір оқып жатыр

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған