Өзбекстанда жаңа әуе компания ашылады

Өзбекстанда ішкі рейстерге арналған Humo Air атты жаңа әуе компаниясы ашылады. Бұл туралы 18 қаңтарда елдің премьер-министрі Абдулла Арипов мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Оның сөзінше, жаңа әуе компаниясы арзан бағаға Өзбекстанның қалаларына ұшады. Премьер жаңа компанияны құруды Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ұсынғанын айтты. Үкімет жаңа әуе компаниясын биылдан бастап ашуды жоспарлайды.

19-20 ақпанда Өзбекстанда әлемдік авиация форумы өтеді. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, жаңа әуе компаниясы осы шарада таныстырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін