7 октября 2023 г. 19:56

Өзбекстанда Yandex.Go жұмысына шектеу қойылмақ

Фото:

Өзбекстанда 1 желтоқсаннан кейін ресейлік Yandex.Go қызметі бұғатталуы мүмкін.

Алматы, NEGEОған дейін компания бірқатар талаптарды орындауы тиіс, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

«Осы жылдың қыркүйегінде Ridetech International B.V.-ге (Yandex.Go) өз қызметін заңнамалық құжаттарға сәйкес екі ай ішінде ұйымдастыру талаптары қойылды», - деп атап өтті елдің Салық комитетінен.

Бұл талаптардың ішінде:

Қызметті жүзеге асыру және белгіленген салықтарды төлеу үшін Өзбекстанның салық резиденті ретінде тіркелу;

Салық органдарының ақпараттық жүйесімен интеграцияны және клиенттерді автоматты түрде қалыптастыратын фискалдық түбіртекпен қамтамасыз ету шаралары бар.

«Егер жоғарыда аталған талаптар орындалмаса, 2023 жылдың 1 желтоқсанына дейін Салық комитеті Цифрлық технологиялар министрлігіне Өзбекстанда агрегатор ретінде Яндекс.Go электронды платформасын пайдалануды бұғаттау туралы ресми сұраныс жібереді», - деді Салық комитеті.

Тегтер: