Өзбекстанда вирус асқынып барады

7 маусымда Өзбекстанда коронавирус жұқтыруға қатысты рекордтық көрсеткіш тіркеліп, бір тәулікте індет жұқтырған 237 азамат анықталды.

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды жаңалығына сәйкес, Өзбекстанда 237 кісі коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, жалпы індет расталғандар саны 4 331-ге жеткен. «Жаңадан вирус жұқтырғандардың барлығы карантиндегі бақылау орталығында анықталған. Олардың 70 пайызға жуығы Ташкент қаласындағы карантиндегі азаматтар», делінген хабарламада. Сонымен қатар бүгін 86 кісі аурудан сауығып шықты. Олардың жалпы саны 3 354-ке жетті. Ал бүгінге дейін елде 17 науқас қаза болған. Қазіргі уақытта республика аумағындағы ауруханаларда 960 науқас емделіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды