Өзбекстанда үкімет үйі карантинге жабылды

Өзбекстанда министрлер кеңсесіне қарасты бір департаменттің қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары үкіметтегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Алматы, NEGE. Хабарларға қарағанда, үкімет ғимаратында қатаң карантин орнады. Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов 17 маусымда Қашқадария облысында болғаны анықталды. Үкімет басшысының жұмыс тобы сәрсенбі күні Шахрисабзға барып, мақам өнерінің халықаралық фестиваліне дайындық барысымен танысқан.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 16 маусымдағы жиналыста Ташкентте екі аптада 482 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталғанын хабарлады. Мемлекет басшысы жағдай жақсармаса, қалалар мен облыстар тағы да жабылатынын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды