Өзбекстанда төрт адам коронавирус жұқтырған

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты.

Алматы, NEGE. Жексенбіде республиканың Денсаулық сақтау министрлігі Франциядан оралған Өзбекстан азаматында коронавирус анықталғанын хабарлады. Кейін Денсаулық сақтау министрлігі оның әйел адам екенін нақтылады.

Оның алдында Өзбекстанда коронавирустың тағы үш жағдайы анықталған. Коронавирусты жұқтырған әйелдің ұлы мен қызынан да вирус табылды, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. Олардың жасы көрсетілмеген.

Коронавирустың төртінші жағдайы Өзбекстан азаматшасында анықталды, ол 15 наурызда сағат 05: 15-те "Uzbekistan Airways" әуе компаниясының ұшағымен Ыстамбұлдан Ташкентке ұшып келді. Дәрігерлер мен мамандар белгіленген стандарттарға сәйкес емдеу-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізеді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады

ҰҚШҰ Иранды қолдап, «аймақтан тыс күштердің арандатушылық әрекеттерін» айыптады

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған