Өзбекстанда президент сайлауы мерзімінен бұрын өтуі мүмкін

Өзбекстанда президент сайлауы биыл қазан айында өтуі мүмкін. Бұл мәселе 25 қаңтарда парламентте талқыланды.

Алматы, NEGE. Заңда президент сайлауы желтоқсан айының үшінші он күндігіндегі алғашқы жексенбіде өтетіні айтылған, дейді centralasian.org. Дүйсенбі күні талқыланған заң жобасы қабылданса, онда биыл президент сайлауы Өзбекстанда 24 қазанда ұйымдастырылады.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев былтырғы желтоқсанда парламентте жасаған үндеуінде 2021 жылы президент сайлауы өтетінін айтқан.

«Өзбекстанда 2021 жылы өтетін президент сайлауы халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылуы тиіс» деген Мирзияев. Өзбекстан Конституциясында мемлекет басшысы құпия дауыс беру арқылы бес жылға сайланатыны айтылған.

Соңғы мәрте Өзбекстанда президент сайлауы 2016 жылы 4 желтоқсанда өтті.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты