Өзбекстанда онлайн емхана ашылды

Интернет-портал ел астанасы Ташкенте құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. «Дәрігерден сұра» деп аталатын жаңалық медицина қызметкерінің қабылдауына үйден шықпай-ақ баруға мүмкіндік береді. Онлайн емхана карантинде үйде жатқан жұртқа жақсы қолғабыс. Өйткені қазір қала тұрғындарына себепсіз көшеге шығуға тыйым салынған. Ал денсаулығың сыр берген кезде, оның себебін білу үшін енді медициналық мекемеге барудың қажеті жоқ. «Дәрігерден сұра» деп аталатын интернет-порталға кіріп, тіркеліп, керек маманды таңдайсың. Дертке дауа іздеген тұрғындар дәрігерлермен чат, аудио және бейнебайланыс арқылы тілдесе алады. Бір айта кетерлігі, бұл жерде медицина қызметкерлері науқасты онлайн емдеуден аулақ. Тек олардың жағдайын жақсарту үшін ақыл-кеңес қана береді. Дәрігер Шерзод Рузиев: "Үйде былай емделіңдер, мынадай дәрі егіңдер деп ақыл айтып отырғанымыз жоқ. Біз әр науқаспен сөйлесіп, оның қандай аурумен ауырғанын сұрап, белгілерін анықтауға тырысамыз. Сөйтіп сырқаттың өршіп кетпеуі үшін кеңес береміз" деді.

Қазір бұл жерде бас-аяғы 200 медицина маманы өзбек һәм орыс тілдерінде ақыл-кеңес береді. Әрбіреуі күніне 20 адам қабылдайтын көрінеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?