Өзбекстанда махалла және отбасы министрлігі құрылады
Өзбекстанда махалла және отбасы істері жөніндегі министрлік құрылады. Ол Әйелдер комитетін, Азаматтардың өзін-өзі басқаруы жөніндегі республикалық кеңесті және «Нуроний» қорын алмастырады.
Алматы, NEGE. Бұл туралы 12 ақпанда президент Шавкат Мирзияев өткізкен видеоконференцияда жарияланды. Конференция махалла институтын жетілдіру мәселелеріне арналған. Жиналыста жаңа министрлік республикалық деңгейдегі мекемелер мен махаллалардың 40 мыңнан астам жұмысшысын біріктіретіні айтылды. Махалла және отбасы істері жөніндегі министрлік Ішкі істер министрлігімен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Өзбекстанда атқарушы биліктің орынсыз кеңеюін тәуелсіз бақылаушылар сынап отыр.