Өзбекстанда коронавирус өршіп барады

Күніне қауіпті індетті 100-ден астам адам жұқтырып отыр.

Алматы, NEGE. Көрші елде санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бұған дейін жарты жыл бойы тұрақты еді. Эпиджағдай нашарлаған соң, жергілікті билік карантин талаптарын күшейтті. Енді қоғамдық орындарда маскасыз жүргендерге 100 доллар айыппұл салынады. Ташкенттің үш ауданындағы мектептер қашықтан білім беруге көшті. Алайда Наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынбаған.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Баходир Юсупалиев: "Соңғы уақытта коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті. Сол себепті Наурыз мейрамын тойлауға қатысты бірқатар талап қойдық. Іс-шаралар ашық алаңдарда өтуі тиіс. Мәселен, саябақтар мен стадиондарда. Құқық қорғаушылар әлеуметтік қашықтықты сақтау мен маска тағуды қатаң қадағалайды. Бір жерде адамдар көп шоғырланбас үшін мерекелік шараларды махалляларда өткізуге кеңес береміз", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті