Өзбекстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсарды

Өзбекстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы. NEGE. Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 18 ақпанда 191 адамда коронавирус инфекциясы анықталған, бұл 146 жағдай тіркелген 5 қаңтардан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Айта кетейік, қаңтар айының ортасынан бері вирус жұқтыру көрсеткіші күніне 1000-1400 адам деңгейінде болды. Ақпанның бірінші онкүндігінде жағдай жақсарып, COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны тәулігіне 500-ге дейін түсті. «2022 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 235 063 ( 191) адамды құрады. Жалпы сауығып кеткендердің саны 224458 ( 1382), сауығу көрсеткіші 95 пайызды құрап отыр», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр