Өзбекстанда көлікпен жүруге тыйым салынды

Өзбекстан қалаларында жеке көлікпен жүруге тыйым салынды.

Алматы, NEGE. Коронавирусқа қарсы күрес жүргізу жөніндегі арнайы республикалық комиссияның шешімімен Өзбекстанның Ташкент, Нүкіс және облыстық маңызы бар қалаларында 30 наурыз бен 20 сәуір аралығында жеке мақсаттарда көлікпен жүруге тыйым салынды.

Қалада рұқсатсыз жүре алатын көліктер тізіміне тек дипломатиялық, коммуналдық қызмет көрсететін көлік құралдары, медициналық-эпидемиологиялық қызмет көрсететін, ауылшаруашылық өнімдерін жеткізетін көліктер, медициналық мекемелерге және олардан жедел медициналық көмекке (жүктілік, өмірге қауіп төндірген дене жарақаттары) мұқтаж адамдарды әкелген көліктер, қалалық және аудандық әкімшілік басшылары, олардың орынбасарларының автомобильдері, жерлеу көліктері, жедел және медициналық көмек машиналары, патрульдік авто, пошта қызметі және азық-түлікті курьерлік жеткізу көліктері, сондай-ақ коммерциялық банк автомобильдері кіреді.

29 наурыздан бастап шектеу қою кезеңінде қозғалыс рұқсат етілген автомобильдер үшін арнайы рұқсат (стикерлерді) беру басталады. Көлікке жеке мүддемен мініп жүруге тыйым салынған.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды