Өзбекстанда Қытайдан оралған студент қайтыс болды

Қоқан қаласының жедел жәрдем қызметі коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен бір азаматты ауруханаға жеткізген. Алайда алғашқы медициналық сараптама оның ағзасынан қатерлі індеттің сипатын емес, көміртегі тотығымен улану белгілерін анықтаған.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы UzA агенттігіне сілтеме жасап CentralAsia хабарлады.  

Белгілі болғандай, студент тіл үйрену мақсатында Қытайға барып, 31 қаңтарда Оңтүстік Корея арқылы Өзбекстанға оралған. Келген соң, Қоқандағы жергілікті емханада тексеруден өткен. Оның ағзасынан екі апта бойы ешқандай ауру белгілері байқалмаған.

Мұны амбулаториялық картаның мәліметтері растайды, делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін