Өзбекстанда дәрі тапшы

Өзбекстан дәріханаларында коронавирустан емделуге қажетті дәрі-дәрмек тапшы.

Алматы, NEGE. Кейбір дәрілер эпидемияға дейінгі бағадан 3-4 есе қымбатқа сатылып жатыр. Президент Шавкат Мирзияев та дәрі тапшылығын мойындап, үш айға жететін қор жинауды тапсырды.

Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге қажетті «Арбидолон», «Эргоферон», «Лопинавир», «Авиган», «Гидроксихлорохин»дәрілері Ташкенттің ондаған дәріханасынан табылмады.

Бұған қоса астана дәріханаларында «Азитромицин», «Плаквенил», «Ремдесивир», «Умифеновир», «Фавипиравир» секілді препараттар жетіспей жатыр. Ташкенттегі оннан астам дәріханада «Парацетамол» болмаған. Бұған қоса, «Аспирин  дәрісі жетіспейтіні анықталды. Өзбекстанның барлық аймақтарында дәрі тапшы. 

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған