Өзбекстанда бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Апатқа кінәлі адамдарға «тау, құрылыс немесе жарылу қауіпі бар жұмыстардың қауіпсіздік ережелерін бұзды» және «қызметіне салғырттық танытты» деген айып тағылады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы осы елдің Бас прокуратурасы хабарлады. Қазір Өзбекстанда 400 құтқарушы төтенше жағдайдың салдарын жоюмен айналысып жатыр. Бұл іске Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері, Ұлттық гвардия сарбаздары мен басқа да қызметтердің күштері жұмылдырылды. Дамба маңындағы елді мекендерден 70 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Коммуникациялық желілер мен ауылшаруашылық алқаптарға зақым келгені белгілі. Ташкенттен Самарқанға апарар жол да сол себепті жабық.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?