Өзбекстанда әуежайдағы жолаушылар жедел ПТР-тест тапсыруға міндеттелді

Ташкент халықаралық әуежайында бірнеше күннен бері ұзын-сонар кезек.

Алматы, NEGE. Ел үкіметі жолаушылардан ақылы экспресс-тест тапсыруды талап етеді. Әуе қақпасында жылжымалы зертханалар жетіспейді. Ақша айырбастау орындары да аз. Ал экспресс-тест төлемі тек жергілікті валютада қабылданады. Жолаушыларда, әсіресе шетелден барған меймандарда өзбек сумының болуы сирек жағдай. Салдарынан ұзын-сонар кезек тек сынама тапсыратын жерде емес, ақша айырбастау орындарында да бар. Көпшіліктің айтуынша, қолдарында теріс нәтижелі ПТР анықтамасы бола тұра, қосымша экспресс-тест тапсырту қисынсыз.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр