Өзбекстанда 934 адам коронавирус жұқтырған
Өзбекстанда 934 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Алматы, NEGE. Өзбекстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның ішінде 85 адам аурудан айығып кеткен, 4 науқас қайтыс болған. Елдің бас мемлекеттік санитар инспекторы Нұрмат Атабековтың айтуынша, Ташкентте коронавирусқа шалдыққан 201 пациент ем алып жатыр.
Вирусология ғылыми-зерттеу институтында 97 адам жатса, оның 30-ында пневмония белгілері анықталған. 5 науқастың жағдайы ауыр. Эпидемиология, микробиология және инфекциялық ауруларды ғылыми-зерттеу институтында 104 адам ем алуда. Оның ішінде бесеуінің халі нашар. Қазіргі таңда 80 мыңнан астам адам стационарға және үй карантиніне жатқызылған.