Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға вакцина салынады

Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат берілді.

Алматы, NEGE. Жасөпірімдер ата-анасының немесе қамқоршысының келісімімен «Файзер» компаниясының екпесін қабылдай алады. Көрші елдің Денсаулық сақтау министрлігі шешім шығармас бұрын аталған вакцинаның 12-15 жас аралығындағы балалар арасында сынақтан өткенін хабарлады. Бұл зерттеу препараттың қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсеткен. Өзбекстанға АҚШ-тан «Файзер» екпесінің 1 миллионнан астам дозасы жеткізілген.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды