Өзбекстанда соғыс ардагерлеріне 1600 доллар ақшалай сыйақы беріледі

Өзбекстандық соғыс ардагерлеріне 20 млн сум (орташа курспен $1600) көлемінде біржолғы ақшалай сыйақы төленеді, деп хабарлады Kazinform.

astanatv.kz

Алматы, NEGE. Тиісті жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды. Құжатқа сай, соғысқа қатысушылар мен майдан салдарынан мүгедек болған азаматтарға 20 млн сум беріледі.

Айта кетейік, былтыр 9 мамыр қарсаңында өзбекстандық ардагерлерге 18 млн сум ($1400) төленген еді. Ал 2022 жылы – 15 млн сум ($1100), 2021 жылы 12 млн сум ($940) біржолғы ақшалай сыйақы берілді.

Еске сала кетейік, 9 мамырға орай қазақстандық ардагерлерге де біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Биыл республика бойынша оның орташа мөлшері – 1,5 млн теңге.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды