Өзбекстанда кітапты көп оқығандарға ақшалай сыйақы берілмек

Өзбекстан президенті «Халық арасында оқу мәдениетін дамыту және кітап оқуға қызығушылықты арттыру жөніндегі шаралар туралы» қаулыға қол қойды.

freepik.com

Астана, NEGE. Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 наурызға дейін барлық мемлекеттік мекемелер мен ведомстволарда оқу мәдениетінің ішкі рейтинг жүйесі енгізілуі тиіс, деп жазады Vaib.uz.

Ең көп кітап оқыған қызметкерлер конкурс негізінде  анықталады. Жеңімпаздарға айлық жалақысы мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі.

Оқушылар мен студенттер үшін де ынталандыру шаралары қарастырылған. Ең көп кітап оқығандар жүздігіне кірген әр оқушы мен студент 10,3 млн сум көлемінде ақшалай сыйақы алады.

Сондай-ақ 2026 жылғы 1 сәуірге дейін барлық мемлекеттік құрылымдар мен ведомстволарда «Кітап бұрыштары» ашылып, қызметкерлер үшін ай сайын «Кітап оқу сағатын» өткізуге міндеттелді.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды