Өзбекстанда автогаз станциясында жарылыс болды

Өзбекстанда автогаз құю станциясында жарылыс болып, бір адам қаза тапты.

видеодан скрин

Алматы, NEGE. Оқиға Наманган облысының Чуст ауданында болған. 

10 тонналық резервуарды орнынан жылжыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Салдарынан жарылыс болған.

«112 жүйесіне хабарлама сағат 18:47-де түскен. Оқиға орнына үш өрт сөндіру-құтқару тобы барды», – деп хабарлады Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметкер жарылыс кезінде қаза тапқан. Оқиғаның себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады