Өзбекстан түрік сериалдарын эфирден алып тастап жатыр

Өзбекстанда "Sevimli TV" арнасы эфирде бір жарым жыл жүрген "Қанатсыз құстар"(Kanatsız Kuşlar ) түрік сериалын көрсетуді тоқтатты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Алматы, NEGE. Басылымның жазуынша, 19 қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен өткен жиналыста кейбір телеарналардың шетел сериалдарын жиі көрсететіні айтылған. "Sevimli TV" телеарнасы кино редакциясының бір қызметкерінің хабарлауынша, арна бағдарламасы өзгерген. Енді шетел сериалдарының орнына отандық фильмдер көрсетіледі. 29 қаңтарда телеарна "Қанатсыз құстар" (Kanatsiz kuşlar) түрік сериалын көрсетуді доғарған. Бұл сериал 2019 жылдан бері көрсетіліп келген. Бір жарым жылда өзбек көрермендері оның 91 сериясын көріп үлгерген. Олар фильмді эфирден алып тастағанын сынға алған. "Сериалдың аяқталуына аз қалғанда оны эфирден алып тастады. Атам мен әжем осы сериалды сүйіп көретін. Үлкен кісілерді құрметтеп, фильмді аяғына дейін көрсетуі керек еді. "Стамбулдан түскен келін" сериалын да дәл осылай үзіп тастады", - деп жазды көрермендердің бірі әлеуметтік желіде.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр