Өзбекстан Сириядан 93 әйел мен баланы еліне қайтарды
Бұл көршілеріміздің «Мехр-5» атты операциясы аясында жүзеге асқан.
Алматы, NEGE. Отанына қайтарылған әйелдер кезінде террористік ұйымдарды қолдаған күйеулерінің соңынан Сирияға кеткен еді. Қарулы қақтығыстар кезінде жолдастары қаза тапқан. Өзбекстанға арнайы бортпен қайтарылған 69 баланың жетеуі – тұл жетім. Жат ағымның жетегінде кеткендер 3 жыл бойы «Аль-Холь» лагерінде болған. Жалпы өзбектер бұған дейін «Мехр» операциясының 4 кезеңін сәтті өткізген. Нәтижесінде Сирия, Ирак, Ауғанстан елдерінен 438 әйел мен бала отанына қайтарылды.