7 сентября 2022 г. 8:55

Өзбекстан президенті Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін айтты

Фото:

6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Алматы, NEGE. Әңгіме барысында Мирзиеев Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты Тоқаевты қолдайтынын, сондай-ақ төтенше жағдайды жоюға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтқан.

Президенттер тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша өзара іс-қимылды кеңейтудің өзекті мәселелерін қарастырған.

Сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларындағы ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылған.

Сондай-ақ, аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасқан. Осы айда Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының алдағы саммитінің күн тәртібі талқыланған.

Тегтер: