Өзбекстан президент сайлауына дайындалып жатыр

Өзбекстанда сайлауға дайындық қыза түсті.

Алматы, NEGE. Өзбекстанда сайлауға қызу дайындық жүріп жатыр. Қазанның 24-і күні президенттерін таңдайды. Бұл көрші ел тарихында осымен 7-саяси маңызды науқан болғалы отыр. Оған Өзбекстанда ресми тіркелген 5 партияның кандидаттары қатыспақ. Ең басты үміткер қазіргі президент Шавкат Мирзиеёв. Оны кандидат ретінде Либерал-демократиялық партиясы кезекті съезд барысында ұсынды.

Тағы президенттікке үміткер ретінде «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы Алишер Қадыровты, Экологиялық партия Нарзулла Обломурадовты, ал «Адолат» әлеуметтік-демократиялық партиясы Бахром Абдухалимовты таңдады. Осы жолғы сайлауда алғаш рет әйел үміткер қатыспақ. Тәжірибелі дәрігер Максуда Варисова Өзбекстанның Ұлттық-демократиялық партиясы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылып отыр. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды