Өзбекстан: Парламент сайлауында кім жеңіске жетті?

Өзбекстан Республикасы парламентінің Заң шығарушы палатасы және халық депутаттары жергілікті кеңестерінің депутаттарын сайлау аяқталды, деп хабарлайды елдің Орталық сайлау комиссиясы.

Алматы, NEGE. Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мырза-Ұлықбек Абдусаламовтың мәлімдеуінше, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі заң шығару палатасына Өзбекстан либерал демократиялық партиясынан 43 депутат сайланып, парламентте басымдыққа ие болды. Сондай-ақ парламентке «Милий тикланиш» демократиялық партиясынан – 35 депутат, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан – 21 депутат, Халық демократиялық партиясынан – 18 депутат, Өзбекстан Экологиялық партиясынан – 11 депутат сайланған. Сайлау барысын 1150 шетелдік БАҚ өкілі бақылап отырған. ОСК мәлімдеуінше, 22 сайлау округінде қайта сайлау өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы