Өзбекстан Қытайдағы 30 өзбек студентін елге қайтарды

25 қаңтарда Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Қытайдың Ухань қаласында қалып қалған 30 өзбек студентін елге қайтаруға уәде берді. 2019-nCoV атты жаңа вирустың ошағы осы қала деп айтылады.

Алматы, NEGE. «Ухань қаласындағы 30 өзбек студенті Өзбекстанға қайтарылады. Қазіргі кезде сыртқы істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі жұмыс істеп жатыр», – деді министр Абдулазиз Камилов. Дегенмен, министр өзбек студенттерін нақты қашан қайтаратынын айтпады.

Өзбекстан СІМ дерегінше, Уханьда шамамен 250 өзбек азаматы бар, олардың басым бөлігі – студенттер. Көбі семестр аяқталғандықтан желтоқсан айында елге келіп алған.

Бұған дейін АҚШ вирус тарап жатқан өңірден азаматтарын алып кететінін айтқан. «Америка дауысы» сайтының жазуынша, 26 қаңтарда АҚШ Уханьдағы азаматтары мен дипломаттарын чартерлік рейспен Сан-Францискоға алып кетеді. Қазіргі кезде Қытай коронавирусқа байланысты он қаласын жапқан. Соңғы дерек бойынша, вирусты жұқтырғандар саны 2000-ға жуықтады. Олардың көбі Қытайда тіркелген, алайда вирустың АҚШ, Жапония, Австралия, Оңтүстік Корея мен Францияға жеткені айтылды. Вирустан 56 адам көз жұмған. 

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты