Өзбекстан қазақстандық студенттерге грант берді
Отандастарымыз Самарқандтағы халықаралық туризм университетінде тегін білім алып, магистрлік дәрежеге ие болады, деп хабарлады «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Қазір оқу орнында 80-ге жуық шетелдік білім алады. Соның бесеуі - қазақстандық. Биыл оқуға қабылданып, қызмет көрсету саласы бойынша біліктілігін арттырып жүр. Ай сайын шәкіртақы алады. «Келер жылы да талапкерлерге есік ашық», - дейді университет ұжымы. Оқыту тек ағылшын тілінде жүргізіледі.
Айта кетейік, біздің ел де екіжақты келісімдер негізінде Өзбекстан азаматтарына мемлекеттік грант бөледі.