Өзбекстан ең көп алтын сатқан ел атанды

Өзбекстанның Орталық банкі қазан айында басқа елдерге қарағанда 11 тонна алтын сатты.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Дүниежүзілік Алтын Кеңесінің (WGC) ай сайынғы деректерінде айтылды, деп хабарлайды Kazinform.

Есепті кезеңде әлемдік орталық банктердің жалпы алтын қоры 42 тоннаға өсті. Қазан айында бағалы металдарды ең белсенді сатып алушылар Қытай (23 тонна), Түркия (19 тонна) және Польша (6 тонна) Орталық банктері болды.

Бұл кезде алтынның негізгі сатушысы Өзбекстанның Орталық банкі болды – 11 тонна. Сондай-ақ Қазақстанның Орталық банкі 2 тонна алтын сатты.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды