Гүлнара Каримованың елге қайтарған ақшасы әлеуметтік жобаларға жұмсалмақ

Биыл мамыр айында Франциядан Өзбекстанға қайтарылған Гүлнара Каримованың қылмыстық жолмен шетелге шығарған 10 миллион доллары мемлекет бюджетіне түскен.

Алматы, NEGE. Осылай деп Өзбекстанның әділет министрлігінің өкілі Севара Уринбаева мәлімдеді. Оның сөзінше, Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримованың шетелдегі есеп-шотынан қайтарылған қаражат әлеуметтік жобаларға жұмсалады. Жұмсалған қаржының әрбір тиыны ашық жарияланып отырады деді ол.
Севара Уринбаева қазір әділет министрлігі мен бас прокуратура Швейцария, Құрама Штаттар, Франция, Ресей және өзге де елдердің тиісті өкілдерімен Гүлнара Каримованың шығарған ақшасы мен мүлкін елге қайтару жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Оның қылмыстық жолмен шетелге шығарған ақшасының жалпы құны 1,3 миллиард долларға бағаланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды