Өзбекстан – жыл мемлекеті

Британдық The Economist журналы Өзбекстанды «2019 жыл мемлекеті» деп атады. Басылым мәліметінше, соңғы жылдары елде елеулі реформалар жүзеге асқан.

Алматы, NEGE. «Үш жыл бұрын Өзбекстан ескі постсоветтік диктатура үстемдік құрған, жабық қоғам еді» делінген журнал материалында. Мақала авторы бұрынғы президент Ислам Каримов жүйесі кезінде бұл елде ер азаматтар, әйелдер мен балалар егістікте ауыр жұмысқа салынып, билік диссиденттерді қудалағанын жазды.

2016 жылы Каримов қазасынан соң билікке Мирзияев келді. Оның үкіметі мәжбүрлі еңбекке тыйым салды, шетел журналистеріне жұмыс істеуге рұқсат берді, шекараны ашты, «Жаслык» түрмесін жапты.

The Economist журналының жазуынша, Өзбекстан әлі алда ұзақ жолды еңсеруі керек, дегенмен 2019 жылы «бірде-бір ел дәл осындай жетістікке жеткен емес».

Бұл уақытта Human Rights Watch (HRW) адам құқықтарын қорғау ұйымы атқарылған бірқатар реформаға қарамастан, президент Шавкат Мирзияевтің алда болатын сайлауға реформа енгізуге құлық танытпағанына өкініш білдірді.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы