Өзбекстан 2025 жылға таман табиғи газ экспортынан бас тартады

Өзбекстан 2025 жылға таман табиғи газ экспортынан бас тартуды көздеп отыр. Бұл туралы ел премьер-министрі Абдулла Арипов Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы саяси кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «2025 жылға таман табиғи газ экспортын доғаруға қатысты шешім қабылданады» деп мәлімдеді үкімет басшысы. Оның айтуынша, 2020 жылдың аяғына дейін республикада тұтынушылардың барлығы электорнды есептеуіш орнатуы тиіс. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2018 жылы республика 13 млрд текшеметр газ экспорттаса, 2019 жылы 15 млрд текшеметр газ экспорттау туралы келісім жасалған.

Табиғи газға бай Өзбекстан халқы көгілдір отын тапшылығын көріп отыр.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды