Өзбекстан президенті Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерін «Дўстлик» орденімен марапаттады

Өзбекстан Республикасының Президенті Қазақстанның мемлекет қайраткерлерін «Дўстлик» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Марапаттар Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара құрмет, сенім және тату көршілік қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлес үшін берілді.

Марапатталғандар арасында:

Қарин Ерлан Тынымбайұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі;

Желдібай Руслан Сұлтанұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;

Жұманғарин Серік Мақашұлы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Балаева Аида Ғалымқызы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

Хашимжанов Икрам Акрамұлы, Қазақстан Республикасы өзбек этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы.

Сыйлық олардың екі ел халықтары арасындағы көп ғасырлық достықты нығайтудағы және басым салалардағы бірлескен жобаларды белсенді ілгерілетудегі қызметтері үшін берілді.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды