Футболдан әлем чемпионаты: Өзбекстан құрамасы дебюттік матчында Колумбиядан жеңілді

Футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы дебюттік матчын өткізді. Өзбекстан және Колумбия командалары К тобының алғашқы турында кездесті.

instagram.com/uzbekistanfa

Астана, NEGE. Матч Мехикодағы атақты «Ацтека» стадионында өтті.

Кездесуде Колумбия құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапынан қорғаушы Даниэль Муньос (40-минут), шабуылшы Луис Диас (65) және жартылай қорғаушы Хаминтон Кампас (90 9) гол соқты.

Өзбекстан құрамасының жалғыз голын Аббосбек Файзуллаев 60-минутта салды. Осылайша ол Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаты тарихындағы алғашқы голының авторы атанды.

Бірінші турдан кейін Колумбия құрамасы 3 ұпаймен топта көш бастады. Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы бір-бір ұпайдан жинап, екінші-үшінші орындарды бөлісті. Ал ұпай еншілей алмаған Өзбекстан құрамасы төртінші орынға тұрақтады.

Өзбекстан құрамасы келесі матчын 23 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді.