Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері Наурыз мерекесін бірге тойлайды

Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері Шавкат Мирзиеев, Садыр Жапаров және Эмомали Рахмон Тәжікстанда өтетін кездесуде Наурыз мейрамын бірге тойлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ақорда

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қырғызстан президенті мәлімдеген. 

Оның айтуынша, бірлескен мереке Орталық Азия халықтарының татулығы мен бірлігін бейнелейтін игі дәстүрге айналады.

«Біздің ортақ міндетіміз – халықтар арасындағы сенімді нығайту. Бұл бағыттағы маңызды қадам шекаралас аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Мұнда бірлескен мәдени шаралар ерекше рөл атқарады. Осы тұрғыда 31 наурызда Ходжентте өтетін Нооруз мерекесінің маңыздылығын атап өткім келеді. Шақыру үшін алғысымды білдіремін және қатысуымды растаймын», – деді Жапаров.

Қазір оқып жатыр

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды