Өзбекстан кәсіпқой бокстан да Қазақстанды басып озды

Өзбекстан кәсіпқой бокста да Қазақстанды басып озды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) 2024 жылдың қорытындысы бойынша барлық салмақта рейтингті жариялады. ТОП-15 тізімге Қазақстаннан үш боксшы енген. Бұл тұрғыда Өзбекстан боксшылары біздің елді тағы да басып озды.

Қазақстан тарапынан рейтингке Бек Нұрмағанбет (10-орын), бірінші орта салмақ өкілі Батыржан Жүкембаев (12-орын) және екінші жартылай жеңіл салмақ өкілі Сұлтан Зауырбек (3-орын) енген.

Ал, Өзбекстанның бес бірдей боксшысы WBA рейтингінің көш басындағы орындарына жайғасқан. Атап айтқанда, Муроджон Ахмадалиев екінші аса жеңіл салмақта уақытша әлем чемпионы болса, Шахрам Гиясов пен Хасанбой Дусматов өз салмақтарында көш бастаған. Жартылай орта салмақ өкілі Бектемир Меликузиев үшінші, бірінші орта салмақ өкілі Исраил Мадримов 4-орында тұр.

Айта кетейік, былтыр аса ауыр салмақта ТОП-15 боксшының қатарында болған қазақстандық Иван Дычко рейтингтен шығып қалды. Ол желтоқсанда жоспарланған жекпе-жекке жарақатына байланысты шыға алған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді