Өзбекстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

Өзбекстан кезекті рет Ауғанстанға 169 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлады kazinform.

Сұрхандария облысының әкімдігі

Алматы, NEGE. Гуманитарлық жүкке Сұрхандария облысының хокимі Улугбек Косимов жетекшілік етіп барып, оны Балх провинциясында Ауғанстан тарапына табыстады.

Гуманитарлық көмектің ішінде 48 тонна ұн, 48 тонна бидай, 15 мың литр өсімдік майы, 10 мың дана ет консервісі, 24 тонна қант пен 22 тонна макарон өнімдері және 100 мың дана тез әзірленетін лағман пакеттері бар.

Қоса кетсек, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек келген еді.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді