Өзбекше жазылмаған тауарға сертификат берілмейді
Өзбекстан президенті Өзбекстан Республикасының кеден тарифін реттеуге байланысты қаулысына осындай өзгерістер енгізілген.
Алматы, NEGE. Бұл өзгеріс бойынша, 2020 жылдың 1-тамызынан бастап импортталатын тұтынушы тауарларының кей түріне сертификат беру кезінде аталған тауарды шығарушы барлық қажетті ақпаратты Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тілінде (латын әліппесі негізіндегі өзбек тілінде) жазуға міндеттеледі. Мұндай талап қаптамасы немесе орамасы болмайтын тұтынушы тауарына ғана жүрмейді. Бұл туралы Өзбекстанның әділет министрлігі хабарлайды.