Өзбек президенті Елбасының саулығын тіледі

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Алматы, NEGE. Әңгіме барысында Өзбекстан Президенті Елбасына тезірек коронавирус сырқатынан сауығып, бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне оралуына тілектестік білдірді.

Тараптар екі ел үкіметтерінің коронавирус пандемиясын еңсеруге бағытталған шаралары туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев алдағы кездесулер мен іс-шаралардың кестесін талқылады.

Әңгіме соңында Елбасы Өзбекстан Президентіне жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық және тату көршілік қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.

Қазір оқып жатыр

Qamalladin University-дің швейцариялық серіктесі туралы не белгілі?

Алматыда көліктерді жасырын патрульдер бақылайды

Дуалдан 15 млн теңге лақтырған: Қостанайда блогер сотталды

Қазақстанда зейнетақы тағайындау жеңілдеді