Өткен тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?
Өткен тәулікте республика бойынша 58 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Алматы, NEGE. Бір күн бұрын 82 адам коронавирус жұқтырған болатын.
12 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 783 адам коронавирус инфекциясынан (–1 604 және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 130 пациент стационарда, 1 653 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
2 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.