Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?
Ведомсвоаралық комиссияның дерегі бойынша, өткен тәулікте 678 адамнан вирус анықталған.
Нұр-Сұлтан, NEGE. COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, өткен тәулікте 678 адамнан коронавирус анықталып, 20 адам пневмонияға шалдыққан. Дерттің салдарынан бір адам көз жұмды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 25
Алматы қаласы – 46
Шымкент қаласы – 1
Ақмола облысы – 68
Ақтөбе облысы – 8
Алматы облысы – 20
Атырау облысы – 11
Шығыс Қазақстан облысы – 154
Жамбыл облысы – 14
Батыс Қазақстан облысы – 33
Қарағанды облысы – 15
Қостанай облысы – 70
Павлодар облысы – 108
Солтүстік Қазақстан облысы – 105
Республика бойынша ауырғандар саны – 126 860.
Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырған 840 адам емделіп шықты.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 113 646.
Бүкіл әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 59 млн 070 мың 988-ге жетті.