Өткен тәулікте Атырауда коронавирус инфекциясынан 135 адам емделіп шықты

Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 248  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  97  науқас,  аудандардағы инфекциялық стационарларда 34 адам ем қабылдауда, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Атырау, NEGE. Ал, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында қауіпті дерт жұқтырған  732 адам оқшауланып, дәрігер бақылауында.

Атырау облысында өткен тәулікте 78 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 1-еуі  Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 72 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 5  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында  ауру симптомды түрде өтуде.
 Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы "қызыл аймақта"  қалып отыр. 

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты