Өткен тәулікте 137 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 137 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы.

Алматы, NEGE. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 26, Алматы қаласында - 77, Шымкент қаласында – 6, Ақмола облысында – 4, Ақтөбе облысында 0, Алматы облысында - 5, Атырау облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 0, Жамбыл облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында -0, Қарағанды облысында - 9, Қостанай облысында -0, Қызылорда облысында -1, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 0, Түркістан облысында - 1. Өткен тәулікте сондай-ақ 47 адам коронавирустан жазылды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 306 608 жетті. Айта кетейік, кеше 29 маусым күні коронавирусты 110 адам жұқтырған болатын.