Отбасылық шаралар жасауға тыйым салынады

Б

ас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдегендей, елімізде отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынды, деп хабарлады Қазақстандағы COVID-19 жағдайына арналған ресми интернет ресурс.
Алматы, NEGE.  «Бүгінгі таңда отбасылық шараларды өткізу, яғни адамдар көп жиналатын кез келген шараларды өткізуге тыйым салынған. Біз алдымен 30 адамға арналған нысандарды кезең-кезеңімен аштық. Екінші кезеңде 50 адамға арналған шараларға рұқсат бердік, бірақ ұжымдық шараларды өткізуге болмайды», - деді Есмағамбетова сейсенбіде.
Оның айтуынша, «эпидемиологиялық жағдай әзір кез-келген шараны өткізуге мүмкіндік бермейді».

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді