Отбасы Банк ұлттық даму институты болып қайта құрылады

«Отбасы банкіне» оған азаматтарды есепке қою мен тұрғын үй бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функциялары беріледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. «Қазір қолданыстағы заңнама бойынша жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйге есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу әрі беру бойынша функцияларды жүзеге асырады. Заң жобасы аясында бұл функцияларды Отбасы банкіне беру ұсынылған. Бұл ретте азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады. Оны тұрғын үй салу және сатып алу арқылы іске асыратын болады. Осыған байланысты Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру көзделіп отыр», - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Оның айтуынша, «Отбасы Банк» берілетін функцияларды орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады

Ұлыбритания Қазақстан мұнайын «Транснефть» арқылы тасымалдауға рұқсат берді

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек