26 апреля 2025 г. 12:28

Отбасы банк зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану ережелерін өзгертті

Фото: ғаламтордан

2025 жылғы 27 сәуірден бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдерін емге пайдалану бойынша жаңартылған ережелер күшіне енеді. 

Алматы, NEGE. Ең басты жаңашылдық — енді қаражатты кәмелетке толмаған балалардың еміне де бағыттауға болады.

Өзгерістер стоматологиялық қызметтерге де қатысты болмақ.

Қандай құжаттар талап етіледі?

  • Жай ғана дәрігердің қорытындысы емес, дәрігерлік-консультациялық комиссияның шешімі;

  • Бекітілген нысан бойынша клиникамен жасалған шарт;

  • Хирургиялық және ортопедиялық кезеңдерге бөлінген нақты емдеу жоспары және олардың сомасы көрсетілуі;

  • Әр кезеңге — жеке рентген түсірілімі мен дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, оларды enpf-otbasy.kz сайты арқылы тапсыру қажет;

  • Төлем әр кезең алдында бөлек жүргізіледі.

Имплантациясыз протездеу де осы тәртіп бойынша — екі кезеңмен және  дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы мен рентген түсірілімдерін қоса отырып төленеді.

Банк өкілдерінің айтуынша, бұл өзгерістер зейнетақы қаражатын пайдалану ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында енгізілген.