Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

1 қазаннан бастап басқа банктер мен қаржы мекемелердегі несиелерді қайта қаржыландыру талаптары өзгерді. Осыған байланысты Отбасы банк тұрғын үй жағдайларын жақсартуға байланысты қарызды өтеу үшін несие беру 23 қазанға дейін тоқтатылғанын хабарлады.

hcsbk.kz

Астана, NEGE. Бұл жаңалық сыртқы қайта қаржыландыруға қатысты болып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, егер клиент ипотекалық қарызын басқа банктен Отбасы банкке ауыстырғысы келсе, ол операцияны әзірге жүргізе алмайды.

Ал несиелік өтінімдер әлі де әдеттегідей қабылданып жатыр.

«Сіз сыртқы қайта қаржыландыруға өтініш бере аласыз, бірақ мұндай өтінімдер бойынша несиелер уақытша қолжетімді емес», – делінген Банк хабарламасында.

Сондай-ақ қаржы ұйымының өкілдері қарыз беруді қайта бастау туралы қосымша хабарланатынын мәлімдеді.