Отарда жағы сынған сарбаз: үш командир қызметінен босатылды

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаз соққыға жығылып, жағы сынғаннан кейін қылмыстық іс қозғалып, үш командир қызметінен босатылды.

gov.kz

Астана, NEGE. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ қызметтік тексеру өтіп, басшылық құрамындағы төрт лауазымды тұлға, яғни әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметтерінен босатылды.

Әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығы, батальон командирінің орынбасары және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметіне сәйкессіздігі туралы ескерту берілді.

Бірқатар офицер мен сержантқа қатаң тәртіптік жаза қолданылды.

Қазір оқып жатыр

FlyArystan ұшағы Шымкентте итті қағып кетті

Депутат такси жүргізушілері мен курьерлерге сағаттық төлем енгізуді ұсынды

Павлодарда оқ жарақатын алған әскери қызметшінің қазіргі жағдайы мәлім болды

Екібастұзда мас күйдегі ер адамдар дәрігер мен медбикені соққыға жықты