Әншілер назар аударту үшін бәріне дайын

Осыдан біраз уақыт бұрын бірқатар отандық эстрада жұлдыздарының суреті 11-сынып оқушыларына арналған оқулықтардың мұқабасына шыққан. Пән кітаптарының сыртқы бетіне бейнеленген өнер иелерінің арасында Төреғали Төрәлі, Ерке Есмахан, Тәуекел Мүсілім мен Әбдіжаппар Әлқожаның суреті бар.

Алматы, NEGE. Мектеп оқушыларына арналған «Геометрия»  пәнінің мұқабасында Ерке Есмахан бейнеленсе, «Қазақ тілі» оқулығының сыртында Төреғали Төрәлі тұр. Сонымен қатар, «Қазақстан тарихында» Әбдіжаппар Әлқожа, «Ағылшын тілі» оқулығында Тәуекел Мүсілім бой көрсеткен.

Бұл «Жұлдызды оқулықтардың»  бірімен әлеуметтік желіде  Төреғали Төрәлі бөлісті. Ол өзі бейнеленген «Қазақ тілі» кітабының мұқабасын жариялап, «Құтты болсын, ағайын!» деп оқырмандарынан сүйінші сұраған. Сонымен қатар, өнер иесі өзге әріптестерінің суреті бейнеленген кітаптарды да желіге жүктеген. Әрине, бұл жағдай желі  қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі бұл әркетті  қолдаса, енді бірі мұны үлкен қателікке балап,  "әншілердің оқулық мұқабасына шығуы орынсыз жайт" десті. Бірақ, кейіннен әншілердің оқулықта бейнеленген суреті фотошоп екені белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты